RU

Әбдібеков Головкиннің боксын көруге кеткен кәсіпкерлерді жазаламақ

Қарағанды облысының әкімі жұмысшыларына жалақы төлемейтін мекеме басшыларының баспанасын су мен жарықтан ажыратуды ұсынды.

Өйткені олар жұрттың маңдай тер ақысын қалтасына басып, бала-шағасы немесе көңілдестерімен шетелдерде демалады екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Нұрмұхамбет Әбдібеков мұндай ақпаратты қайдан алғанын ашып айтпады. Десе де, жұмысшылары жеуге нан таба алмай отырғанда отбасымен шетел асатындар Қарағанды облысында жетерлік екен. Әбдібеков тіпті Еуропаға барып Головкиннің кездесуінде бөркін аспанға атып жүргендерін де көріпті. Сондықтан дүйсенбінің таңында қарамағаныдағыларды жинаған облыс басшысы шенеуніктерге тың идея айтты. Онысы өзіне де ұнаса керек. Енді соны қалай да іске асыруды тапсырды.

"Ойланыңыздар, заңгерлермен ақылдасыңыздар. Мен айтқандай жұмысшының коммуналдық қарызын жұмыс берушіге аударуды қарастырыңыздар. Сосын су мен жарығын қиып тастайық. Бірақ жарықты дизелді генератормен қосып алады. Суын өшіріп тастайық онда? Қысқасы, бірдеңе ойлап табыңдар", - дейді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда ер адам үйімен қоса өртеніп кетті

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн күрт суытады

ОҚО-да дәрігерлер психдиспансердегі науқасты ұрып, қабырғасын сындырды (фото)

Жезқазғандағы саябақта 10 жасар қызға педофил шабуыл жасады

Маңғыстауда болған жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының мүшелері түгелдей қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256066-abdibekov-zhumysshylaryna-aqsha-toleud.html