RU

Қазақстандық сәнгер 200 жұп аяқ киімін көрсетіп, мақтанды

Танымал отандық сәнгер Jado-ның гардеробында 200 түрлі аяқ киімі бар деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәнгер бұл туралы Астана телеарнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтты. Ол көрермендерге өз гардеробын көрсетіп, тізілген аяқ киімдерінің түр түрі бар екенін айтты.

Сәнгердің гардеробы құнды дүниелерге толы. Ол құны қазіргі бағаммен есептегенде шамамен 2000-3000 АҚШ долларына тең "PRADA" брендінің туфлиін, 5000 долларлық сөмкесін, еуромен сатып алған көйлектерін назарға ұсынды.

Оның сүйікті сөмкесі де ерекше. Мәселен, пілдің сүйегінен, таза аң терісінен жасалған сөмкесін ол бұдан жеті жыл бұрын 3500 долларға алған екен. Ол сөмке «Valentin Yudashkin» брендіне тиесілі.

Көйлектердің түр-түрін топтастырған отандық сәнгер мұндай қымбатты киім-кешегін тек салтанатты кештерге киеді екен. Мәселен, жоғарыда айтылған маржан тастармен безендірілген туфлиін ол өте айрықша шараларда киеді-мыс. Jado оны Малайзиядан сатып алған.

Айта кету керек, Jado дизайнердің киімі де, ойы да ерекше болу керек екенін үнемі айтып жүреді. Бірақ уақыт бұрын фольгадан киім тіктіріп, фототүсірілім жасаған сәнгер елді бір шулатқан болатын.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда ер адам үйімен қоса өртеніп кетті

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн күрт суытады

ОҚО-да дәрігерлер психдиспансердегі науқасты ұрып, қабырғасын сындырды (фото)

Жезқазғандағы саябақта 10 жасар қызға педофил шабуыл жасады

Маңғыстауда болған жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының мүшелері түгелдей қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256163-belgili-qazaqstandyq-sanger-200-zhup-ayaq.html