RU

ШҚО-да сүйіктісінің туған күніне кеткен бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

17 қыркүйек күні Зырян ауданындағы үйінен шығып кеткен 17 жастағы Ксения Сидорина із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы YK-news.k-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Қыздың туған-туыстары оның жоғалып кеткені жайлы полицияға арыз жазған және өздері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жоғалған қыздың әпкесінің айтуынша, ол 07:00-де Жақсыбаев көшесіндегі үйінен шығып, өзінің сүйіктісінің үйіне қарай кеткен.

"Бұл күні оның жігітінің туған күні болатын, сондықтан сіңілім оны құттықтау үшін үйден шықты. Алайда ол діттеген жерге жетпеген. Біз полицияға оның жоғалып кеткені жөнінде шағым түсірдік. Өз бетімізше де іздестіріп жатырмыз", - дейді әпкесі.

Ксения сұр күртеше, көк джинс шалбар, қара түсті аяқ киім киген. Бойы 160 см шамасында. Сұр түсті сөмке ұстаған.

Ксенияның қайда екенінен хабардар адамдар болса, сондай-ақ іздестіру жұмыстарына атсалысамын деген ниеттегі жандар 8 777 987 73 72 және 8 777 790 16 57 номерлеріне хабарласуына болады.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда ер адам үйімен қоса өртеніп кетті

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн күрт суытады

ОҚО-да дәрігерлер психдиспансердегі науқасты ұрып, қабырғасын сындырды (фото)

Жезқазғандағы саябақта 10 жасар қызға педофил шабуыл жасады

Маңғыстауда болған жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының мүшелері түгелдей қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256186-shqo-da-suyiktisininh-tughan-kunine-ketk.html