RU

Оқушы қызға өшіккен Қазақстан тумасы оның жалаңаш фотосын желіге таратып жіберді

Ресейдің Екатеринбург қаласында оқушы қыздың жалаңаш фотоларын желіге таратып жіберген Қазақстан тумасы сотта жауапқа тартылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

28 жастағы жігіт интернет арқылы оқушы қызбен танысқан. Ол өзін құрдас ретінде таныстырып, қыз баланың басын айналдырады. Көп ұзамай қазақстандық жігіт оқушы қыздан ню жанрындағы фотосын жіберуді сұрайды. Өтінішін жерге тастамаған жасөспірім оған мүлдем жалаңаш түскен фотосын жолдаған.

Бұны аздық еткен азамат қыз баладан интимді видеолар жіберуді талап етеді. Оқушы бұл талабын орындаудан бас тартқан. Салдарынан қызға өшіккен жігіт оның жалаңаш фотосын интернетке жүктеп, жалпақ жұртқа жариялап тастайды.

Фотоны қыздың анасы көріп қалғаннан кейін жанжал өрши түскен. Ол бірден полицейлерге хабар беріп, интернет-педофилге шара қолдануын сұрайды. Ресейлік тәртіп сақшылары сол арада Қорған облысынан Екатеринбург қаласына көшіп үлгерген қазақстандықты екі жыл өткенде ғана құрықтай алды.

Светлана Абдрашитованың материалынан аударылды.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда ер адам үйімен қоса өртеніп кетті

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн күрт суытады

ОҚО-да дәрігерлер психдиспансердегі науқасты ұрып, қабырғасын сындырды (фото)

Жезқазғандағы саябақта 10 жасар қызға педофил шабуыл жасады

Маңғыстауда болған жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының мүшелері түгелдей қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256201-oqushy-qyzgha-oshtikken-qazaqstandyq.html