RU

Мөлдір Әуелбекованың жары әншіге құны 600 мыңнан асатын телефон сыйлады (фото)

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жолдасы Арыстанның оған құны 600 мың теңгеден асатын iPhone 7 телефонын сыйға тартқанын айтып, елден сүйінші сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты.

«Еркелееееп, мәәәәз болып отырмыз. Раxмет, Арыстаным! iPhone 7 ерекшеліктерімен алдағы уақытта бөлісемін! Жұғысты болсын! Қайырлы түн!", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің бұл қуанышына ортақ екендерін айтып, қызыққандарын жасырмады.

Сонымен бірге, олар жаңадан ғана нарыққа шыққан телефонның құны жайында түрлі болжамдар жасады.

Бірі телефонды 780 мың теңге тұратынын да жеткізсе, екіншісі оны 280 мыңға алуға болатыны туралы да ақпарат берді.

Естеріңізге салсақ, Apple компаниясы iPhone 7 сериялы телефонын компания Калифорнияда 7 қыркүйек күні көпшілікке таныстырған. Ал Қазақстанда бұл телефон 17 қыркүйек күні сатылымға шығарылған.

Аpples.kz-тегі ақпаратқа сүйенсек, iPhone 7 телефонының құны 646 мыңнан 782 мың теңгеге дейін тұрады екен.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды (фото)

ШҚО-да сүйіктісінің туған күніне кеткен бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Әбдібеков Головкиннің боксын көруге кеткен кәсіпкерлерді жазаламақ

Құдаларды байлап қойған той иелері жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256234-moldir-auelbekova-zhubayynynh-iphone-7-telefo.html