RU

Атамбаев тақыр жерде ұйықтаған үш жасар балаға пәтер беретін болды (фото)

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кеше үш жасар Ысқақ Үсеновтің отбасына пәтер сыйлау туралы шешім шығарды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайтында хабарланды деп жазады ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, Кара-Cуу қаласы базарында контейнер түбінде ұйықтап жатқан үш жасар баланың суретін көптеген интернет басылымдар жарыса жариялаған болатын. Осы оқиғадан кейін ел президенті баланы тауып, оның отбасына жәрдем беру туралы тапсырма берген еді.

Бұл міндетті Қырғыз Республикасы президенті аппаратының басшысы Фарид Ниязов вице-премьер-министр Гүлмира Құдайбердиева мен Үкіметтің Ош облысындағы уәкілетті өкілі Таалайбек Сарыбашевқа жүктеген.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды (фото)

ШҚО-да сүйіктісінің туған күніне кеткен бойжеткен із-түсіз жоғалып кетті (фото)

Әбдібеков Головкиннің боксын көруге кеткен кәсіпкерлерді жазаламақ

Құдаларды байлап қойған той иелері жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256253-atambaev-taqyr-zherde-uyyqtaghan-ush-zhas.html