RU

20 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал

20 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Бір сиқырдың əсері ма екен? Бүгін бар жоспарыңыз өзінен - өзі орындалады! Сізді бəрі жақсы көреді.

Торпақ

Сіз керемет жаратылыссыз иесісіз. Сіз сезімге берілгіш, əдеміліктің нысанысыз. Жүрегіңіздің қалауымен жүрсеңіз, бəрі сіз ойлағандай болады.

Егіздер

Егіздерге көп нəрсе керек емес... Оларға "бір күні ғашық болып, бірге өмір сүріп жəне бір күнде өліпті" деген махаббат болса жəне сүйген адамының жүзінен күлкі көрсе жеткілікті.

Шаян

Шаяндар тек өздерін бағалайтын адамдарды ғана бағалайды. Бұл өте дұрыс жол, нағыз өмір ұстанымы.

Арыстан

Сізді ренжітіп, көңіліңізге қаяу түсірген адам, соңынан өзінің қандай ақымақ екенін түсінеді. Мұндай баға жетпес байлықты ренжітуге бола ма екен?

Бикеш

Бүгіннен бастап өміріңізге үлкен өзгеріс болады. Бұл өзгеріс сізге де, айналадағы адамдарыңызға да тек бақыт əкеледі.

Таразы

Бір адам сізді бір апта бойы қашан онлайн болады деп күтіп жүр. Əрине, бұл махаббат болмағанда не? Дайын болыңыз.

Сарышаян

Иə, сізге таңдау жасау өте қиын. Жүрегіңіз басқаны қалайды, ал миыңыз басқа нəрсе жаса дейді. Мүмкін өзіңіздің жақын адамыңыздың ақылына жүгінерсіз.

Мерген

Сізге ақыл айтушылар көп, біреуі дұрыс айтса, біреуі бұрысын айтады. Бірақ, солардың ешқайсысы сіздің аяқ киіміңізді киіп, сіздің өмір жолыңызбен жүріп көрген жоқ. Өзіңізге сеніңіз!

Тауешкі

Айнаға қарап өзіңізге өзіңіз "бəрі жақсы болады" деп батылдықты жинай береңіз. Əр күн сайын осылай сенім ұялата беріңіз.

Суқұйғыш

Бүгінгі күннің ең үлкен плартықшылығы - ол өміріңізге жаңа өзгерістің енуі. Өзіңіздің интуицияңызға сеніңіз, сонда адаспайсыз.

Балықтар

Сізді ренжіткен, өміріңізге кедергі келтірген адамдарды травматологияға апаратын кез келген сияқты. Шыдамның да шегі болады.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды (фото)

ШҚО-да сүйіктісінің туған күніне кеткен бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Әбдібеков Головкиннің боксын көруге кеткен кәсіпкерлерді жазаламақ

Құдаларды байлап қойған той иелері жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256349-20-qyrkuyekke-arnalghan-zhuldyz-zhoramal.html