RU

Қытайдағы ең бай адамның ұлы итіне iPhone 7-нің сегіз данасын алып берді (фото)

Қытайдағы ең бай адамның ұлы Ван Цзяньлиннің 28 жастағы ұлы Ван Сиконг өзінің маламут Коко есімді итіне сегіз iPhone 7 телефонын сатып алып берді.

Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Иттің Weibo әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтында iPhone 7 сатылымға шығарылған алғашқы күні-ақ телефон қораптарының суреттері жарияланды. Айта кетейік, иттің аталмыш әлеуметтік желіде 1,9 миллион оқырманы бар.

Бір жыл бұрын Ван Сиконг өз итіне әрқайсысы 12 мың доллар тұратын екі Apple алтын сағаттарын сатып алған болатын.

Ван Сиконг табысты бизнесмен және 30 жасқа дейінгі қытайлық ең бай кәсіпкерлердің бірі болып табылады.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды (фото)

ШҚО-да сүйіктісінің туған күніне кеткен бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Әбдібеков Головкиннің боксын көруге кеткен кәсіпкерлерді жазаламақ

Құдаларды байлап қойған той иелері жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256414-qytaydaghy-enh-bay-adamnynh-uly-itine-iphone-7-n.html