RU

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түспек болған жігіт тұрғындардың зәресін ұшыруда

Ақтөбеде талай рет қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түспек болған жігіт тұрғындардың тыныштығын қашырды. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі aktobe_zello парақшасында ақыл-есінде ауытқушылық бар жігіттің әрекетінен зәрезап болған тұрғынның жазбасы жария етілді. Әйелдің сөзіне сенсек, үйсіз қаңғырып жүрген азамат өзгелер қасына жақындай бастаса оғаш әрекеттер жасауға кіріседі екен. Нақтырақ айтқанда, елдің көзінше қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түсуге тырысып бағады.

Полицейлер тұрғынның шағымынан кейін оны алып кеткен. Алайда көп ұзамай, жігіт дәл сол қоқысты қайта маңайлап жүрген көрінеді.

"Көмектесіңіздерші, бәлкім кімге шағымдана алатынымызды білетін шығарсыздар? Бұған төзу мүмкін емес. Алтынсарин 37 көшесінің ауласы. Қоқысты тамақтан да бас тартып жүрген бір жігіт паналайды. Дәретін де сол қоқысқа сындырады. Тіпті оның иісі бірталай жерге мүңкіп кеткен. Балаларды қоқыс лақтыруға жібермейміз. Себебі, оның қоқыс жәшігімен немесе жермен жыныстық қатынасқа түспек болғанын талай рет көрдік. Балалар бақшасында дәрет сындырып жүргенін де байқап қалдық. Суық түскен сайын ол қоқысты өртеп, жылынады. Түтіннен демала алмай қаламыз. Полицейлер алып кеткенімен, қайта келіп алады. Ақыл-есінде ауытқушылық бар бұл азаматты да өз қарауына алатын мекеме бар шығар?", - деп жазған әйел.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды (фото)

ШҚО-да сүйіктісінің туған күніне кеткен бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Әбдібеков Головкиннің боксын көруге кеткен кәсіпкерлерді жазаламақ

Құдаларды байлап қойған той иелері жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256442-aqtobede-qoqys-zhashigimen-zhynystyq-qa.html