RU

Головкиннің басты қарсыласы қолын сындырып алды

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль Альварес (69,9 кг дейінгі салмақта WBO чемпионы) британдық Лайам Смитке қарсы кездесуінде қолын сындырып алғаны мәлім болды.

Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Кездесу жексенбі күні өтті. Альварес Смитті 9-раундта нокаутқа жіберіп, одан WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігін тартып алды.

Басылым «Канелоның» желтоқсандағы жекпе-жегіне шыға алмайтынын жазады. Айта кетейік, оның келесі кездесуі 10 желтоқсанда өтуі тиіс еді.

Сауль Альварес жерлесіміз Геннадий Головкиннің басты әлеуетті қарсыласы саналады.

ағы оқыңыздар:

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды (фото)

ШҚО-да сүйіктісінің туған күніне кеткен бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Әбдібеков Головкиннің боксын көруге кеткен кәсіпкерлерді жазаламақ

Құдаларды байлап қойған той иелері жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256472-golovkinninh-basty-qarsylasy-qoly-syn.html