RU

Сағынтаев рейтинг қуған СҚО әкімін сынның астына алды

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановты рейтинг қуудың орнына, жүйелі жұмыс атқаруға шақырды. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Ерік Хамзаұлы, дауласқаныңызды немесе саудаласқаныңызды қаламаймын. Жүйелi жұмыс жүргiзу керек. Екiншiден, орта республикалық деңгеймен салыстыру дұрыс емес. Өз облысыңызға жауап беріңіз. Республикалық деңгеймен салыстырудың қажетi жоқ", - деді Сағынтаев үкімет отырысында.

"Сіздерде қанттың, тұздың, қарақұмықтың, ет пен пияздың бағасы өсіп жатқаны байқалады. Аграрлық аймақ болса да, нанның бағасы ең қымбат болып тұрғаны қалай", - деп сынады премьер.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды (фото)

ШҚО-да сүйіктісінің туған күніне кеткен бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Әбдібеков Головкиннің боксын көруге кеткен кәсіпкерлерді жазаламақ

Құдаларды байлап қойған той иелері жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256492-zhanha-premer-reyting-qualaghan-sqo-aki.html