RU

Қазақстандық саудагерлер азық-түлік бағасын 200 пайызға қымбаттатып жіберген

Ұлттық экономика министрлігі өңірлерде тексеру жүргізе келе, саудагерлердің азық-түлік бағаларын 200 пайызға дейін қымбаттатқанын анықтады. Мұны жаңа үкіметтің алғашқы отырысында баяндама оқыған Қуандық Бишімбаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бағаның өсуіне әсер ететін нарықтық емес факторлардың бірі – нарық субъектілерінің алаяқтық жасауы. Кей саудагерлердің бағаны қолдан 200 пайызға дейін көтергені анықталды», - дейді Бишімбаев.

Оның айтуынша, қазір министрлік әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны негізсіз көтергендерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Монополияға қарсы орган биылғы жылдың басынан бері 27 тексеру жүргізіп, оның 12-сін аяқтады.

«Павлодар облысында қарақұмық бағасының 182 теңгеден 196 теңгеге қымбаттатылғанын анықтап, саудагерлерге айыппұл салдық. Қазір қолға алынған шаралар сотта қаралып жатыр», - дейді министр.

Сонымен бірге, Монополияға қарсы мекеме 2016 жылдың шілдесінде қанттың бірден қымбаттауы мен тапшылығына қатысты тексеру жұмыстарын қолға алды. Қыркүйекке дейін бұл мәселе шешіліп, қант бағасы 10 теңгеге арзандатылған.

Қуандық Бишімбаев Монополияға қарсы орган Астана қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында нан бағасын қымбаттатқан субъектілерді анықтап, олардың жұмысын тексеріп жатқанын да айтты.

Жалпы, министрдің айтуынша, монополияға қарсы орган монополиялық кірістерді есепке ала отырып, тексеру қорытындылары бойынша 23 млн теңге айыппұл салған, оның 12 млн теңгесі мемлекет бюджетіне түсті.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды (фото)

ШҚО-да сүйіктісінің туған күніне кеткен бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Әбдібеков Головкиннің боксын көруге кеткен кәсіпкерлерді жазаламақ

Құдаларды байлап қойған той иелері жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256549-qazaqstandyq-saudagerler-azyq-tulik.html