RU

Үйіндегі тарақандарын өлтіруге қимаған әйел, оларды елге таратып берді

Жапонияның Кобе қаласында бастауыш мектептің қызметкері үйіндегі тарақандарды өлтіруге қимай, теріп алып азық-түлік дүкеніне әкеліп тастаған.

Бұл туралы жапондық басылымға сілтеме жасап Қамшы порталы хабарлайды.

Дүкеншілер сөрелердегі жиырма шақты тарақанды байқап, полицияға хабар береді. Полицейлер бейнекамераны тексеріп, «қылмыскердің» фотороботын жасаған. Камераға әйелдің азық-түлік сөресінің түбіне өзінің сөмкесін қойып жатқаны түсіп қалыпты. Полицейлер әйелді тауып, неге олай істегенін сұраған.

Кобе тұрғынының айтуынша, «Үйімдегі тарақандарды өлтіруге қимадым, ұзақ өмір сүрсін деп, дүкенге әкеліп тастадым. Бірақ дүкенге нұқсан келтіруді ойламаған едім» дейді.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды (фото)

ШҚО-да сүйіктісінің туған күніне кеткен бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Әбдібеков Головкиннің боксын көруге кеткен кәсіпкерлерді жазаламақ

Құдаларды байлап қойған той иелері жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256629-uyindegi-taraqandaryn-oltiruge-qima.html