RU

Тарихшы Шварценеггердің арғы атасы Қазақстанда әскери тұтқында отырғанын айтты

Австриялық тарихшы-ғалым Лана Берндл анау-мынау емес, атақты актер, толағай «Терминатор» Арнольд Шварценеггердің арғы атасы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолға түсіп, Қазақстанда әскери тұтқында болған болуы мүмкін екендігі туралы болжамды алға тартты.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Ғалымның айтуынша, актердің бабасы Өскемендегі таулы жол құрылысына қатысқан болуы да ықтимал. Бұл туралы Лана Берндл Шығыс Қазақстан жеріне апарып көрсеткен «По следам австрийских военнопленных» деректі фильмінде баяндайды, деп жазады «Лайф».

Ғылыми зерттеуді неғұрлым терең жүргізуді ұйғарған австриялық ғалымдар ШҚО өңіріндегі австриялық бейіттен 30 қабірді анықтады. Енді олар сол бір сұрапыл кезеңде тағдырдың тәлкегімен қазақ жерінде әскери тұтқында отырған австриялық сарбаздардың нешеуі Қазақстанда қалып, нешеуі Австрияға оралғандығын анықтау жұмыстарын бастап кетті.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды (фото)

ШҚО-да сүйіктісінің туған күніне кеткен бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Әбдібеков Головкиннің боксын көруге кеткен кәсіпкерлерді жазаламақ

Құдаларды байлап қойған той иелері жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256673-shvarceneggerdinh-arghy-atasy-qazaqsta.html