RU

Шымкентте ер адам кішкентай қызды құтқарамын деп, көлік астына түсіп қаза болды

Шымкентте кішкентай қызды жолдан өткізіп жібермек болған ер азаматты көлік қағып кетті. Алған дене жарақаттарының салдарынан ол ауруханада көз жұмды.

Бұл туралы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап Skifnews.kz порталы хабарлайды.

Кейінірек анықталғандай, екі адамды Audi маркалы көлік жолдың жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінде жоғары жылдамдықпен келіп қаққан екен. Марқұмның артында төрт баласы қалды. Оның туыстарының айтуынша, ер азамат баласын балабақшаға апарып, қайтар жолда апатқа ұшыраған. Кішкентай қызды ол кездейсоқ кездестіріп, жолдан өтуге көмектеспек болған екен. Көлік жақындаған сәтте марқұм оқушы қызды денесімен жауып қалыпты.

Адам қаққан көлік жүргізушісі жәбірленушілерге сол жерде көмек көрсетпек болған. Кішкентай қыз қатты қорқып қалғаны болмаса, айтарлықтай жарақат алмапты. Ал, ер азаматты жедел жәрдем ауруханаға жеткізгенімен, жансақтау бөлімінде ол өзіне келмей қайтыс болды.

Тағы да оқыңыздар:

Сағынтаев рейтинг қуған СҚО әкімін сынның астына алды

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түспек болған жігіт тұрғындардың зәресін ұшыруда

Петропавл тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деп күдіктелуде

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

Сарапшылар осы аптада теңге бағамы қандай болатынын болжады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1256845-shymkentte-er-adam-kishkentay-qyzdy-qut.html