RU

Ресейлік теннисшіге орысша ұрандатқан қазақ жанкүйерлері қатты ұнап қалды

Жақында теннистен Ресей мен Қазақстан құрамалары арасында Дэвис кубогіне арналған матч өтті. Аталған бәсекеге қазақстандық теннисшілерді қолдау үшін барған отандық жанкүйерлер ресейлік теннисшіге ұнап қалды.

Бұл туралы Gazeta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ресейге жеңіс сыйлаған теннисші Андрей Кузнецов Қазақстан жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді.

"Олар өз командасына ерекше қолдау көрсетті. Олар маған мүлде кедергі келтірген жоқ. Тіпті, олар бізге жанкүйерлік еткендей көрінді. Олардың орысша ұрандары ұнады. "Қазақстан" деген атауды айтпағанда, маған жанкүйерлік еткендей көрінді", - деді ресейлік Андрей Кузнецов.

Желіде Мәскеуге барған қазақ жанкүйерлері "Калинка" мен "Катюша" әуендерін шырқап отырды деген ақпар бар. Сондай-ақ, қазақстандық жанкүйерлер "Қамажай" мен "Мария Магдаленаны" айтып қолдаған.

Ал теннистен Қазақстан құрамасында бұрынғы ресейліктер Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин және украиналық Александр Недовесов өнер көрсетеді.

Тағы да оқыңыздар:

Ішкі істер министрі Павлодарда соққыға жығылған ауыл тұрғындары туралы ауыз ашқан жоқ

Әкесіне бауырын бөліп берген жігіт перзенттік парызының өтелгеніне қуанды

Сүйіктісіне су жаңа Bentley сыйлаған қалталы азамат Қазнетте қызу пікірталас тудырды

Белгілі журналист үкімет отырысында бірінен соң бірі орысша сөйлеген министрлерді сынға алды

Астаналық шенеунік Сағынтаевтың қойған сұрағына жауап бере алмай, қиналды

ШҚО-да сүйіктісінің туған күніне кеткен бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257053-reseylik-tennisshige-oryssha-urandatq.html