RU

Мысықтың арқасынан сипау денсаулыққа қауіпті болып шықты

АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу жөніндегі орталығының мамандары мысықтың арқасынан сипау адамның денсаулығына залал келтіретінін анықтады. Бұл туралы Metro ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Ғалымдар арнайы жүргізілген зертеулердің қорытындысында көптеген аурулардың адамға мысықтардан жұғатынына көз жеткізген. Мысықтан ауру табу оқиғасы жұрттың болжап жүргенінен де едәуір көп болып шықты.

Адамдарға бірінші кезекте мысық тырнап алған жерден пайда болатын безгек қауіп төндіреді. Ол бірден дене қызуын көтеріп жіберіп, соңында өлімге алып баруы да ықтимал. Алайда, тиісті шараларын уақытында қолдана білсе, бұл сырқатты ауыздықтауға да болады.

Зерттеушілер ауру жұқтырып алмас үшін адамдардың мысықтармен байланыста болғанынан кейін қолдарын жақсылап сабындап жууы керек екенін жеткізеді.

Тағы да оқыңыздар:

Сағынтаев рейтинг қуған СҚО әкімін сынның астына алды

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түспек болған жігіт тұрғындардың зәресін ұшыруда

Петропавл тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деп күдіктелуде

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

Сарапшылар осы аптада теңге бағамы қандай болатынын болжады

Оқушы қызға өшіккен Қазақстан тумасы оның жалаңаш фотосын желіге таратып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257077-mysyqtynh-arqasynan-sipau-densaulyqq.html