RU

Астана кинотеатрында есінен танған көрерменді жас жігіт құтқарып қалды

Астанадағы "Керуен" ойын-сауық орталығында кинотеатрға келген бойжеткен аяқ асты есінен танып құлағанда, оны жас жігіт құтқарып қалды. Бұл туралы Айсұлу Қаратай есімді қолданушы Facebook парақшасында жазған.

Куәгердің сөзіне сенсек, бойжеткенде аяқ асты эпилепсия сырқаты сыр берген. Ол есінен танып құлап, денесі дірілдеп, аузынан көбігі кеткенде, қалғандары көмектесуге асықпаған көрінеді.

"Адамдарға толы зал, бәрі есеңгіреп қалды. Арасында тек бір жігіт қана бойжеткенді өлімнен құтқарды. Ол кілтпен бойжеткеннің тілін шығарып үлгерді. Саған ерлігің үшін мың алғыс", - дейді желі қолданушысы.

Бойжеткеннің сөзіне сенсек, залдағы қалған адамдар оны құтқарудың орнына телефондарының камерасына түсіріп тұрған. Тек бірнеше адам ғана жедел жәрдем шақыртқан. Жедел жәрдем 35 минут өткенде ғана келіп жетеді.

"Керуенде медқызметкерлер тек 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Әкімшілік штатта дәрігер болуы қажет деп санамайды. Киноға келіп өліп те кетуің мүмкін. Ешкім көмектеспейді, ешкім жауапкершілікті мойнына алмайды", - деп түйді бойжеткен.

Тағы да оқыңыздар:

Сағынтаев рейтинг қуған СҚО әкімін сынның астына алды

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түспек болған жігіт тұрғындардың зәресін ұшыруда

Петропавл тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деп күдіктелуде

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

Сарапшылар осы аптада теңге бағамы қандай болатынын болжады

Оқушы қызға өшіккен Қазақстан тумасы оның жалаңаш фотосын желіге таратып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257093-astana-kinoteatrynda-esinen-tanghan-k.html