RU

Мақпал Жүнісованы тойға шақырған байлар ақшасын бермей, "лақтырып кеткен"

Әнші Мақпал Жүнісова өте бақуатты кісілердің бірнеше рет тойға шақырып, ақшасын бермей қойғанын елге жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол КТК телеарнасының "Наша правда" бағдарламасында айтты.

Бағдарламаның кезекті саны әнші, продюсер, кәсіпкер Сиви Махмудиға арналды. Бағдарламада оның қызы Салидатқа әнші Мақпал Жүнісова кіндік шеше болғаны айтылып, студияға әншінің өзі келді.

Мақпалдың айтуынша, Сивидің әкесі көптеген өнер адамдарына демеу болып, оларды ақшалай қолдап отыратын көрінеді. Сондықтан, әншілердің де оған деген ілтипаты ерекше екенін айтты Мақпал.

"Барлық концерттеріне шақырады. Сосын ақысын да жақсы төлейді. Жолға, тамаққа, айтқан әніңе дейін төлеп береді. Біз еңбегімізді бағалап жатқан ондай кісілерді жақсы көреміз.

Мәселен, кейбіреулер тойға ақшасын, бәрін береміз, қатырамыз деп шақырады. Сөйтіп, біз көйлектерімізді киініп, бетімізді әрлеп, тойға барамыз. Әнді орындап бересің, тойға келген төрт жүз адаммен суретке түсесің. Автограф таратасың, қысқасы әбден шаршайсың, еңбектеніп, тер төгесің. Соңында ақшасын бермей қояды. Амал жоқ қазір, ақшасын алдын ала бер деп талап ететін болдым", - деді қазақтың "ерке қызы".

Ал жүргізушінің "олардың атын атап, түсін түстеп бересіз бе?" деген өтінішіне әнші: "Мен олар туралы айтқым келмейді", - деп жауап қайырды.

Тағы да оқыңыздар:

Сағынтаев рейтинг қуған СҚО әкімін сынның астына алды

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түспек болған жігіт тұрғындардың зәресін ұшыруда

Петропавл тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деп күдіктелуде

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

Сарапшылар осы аптада теңге бағамы қандай болатынын болжады

Оқушы қызға өшіккен Қазақстан тумасы оның жалаңаш фотосын желіге таратып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257114-maqpal-zhunisovany-toygha-shaqyrghan-bay.html