RU

Семейде "өмірлік жарын" таппақ болған "көгілдір жігіт" оңбай алданды

Семейде "өмірлік жарын" таппақ болған "көгілдір жігіт" алаяқтарға оңбай алданып қалды. Бұл туралы yk-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Семейдің № 2 соты оғаш қылмыстық істі қарады. Желі арқылы жартысын таппақ болған гей жігітті кездесуге шақырған алаяқтар тонап қоя берген. Гей екені жалпақ жұртқа жария болатынынан қорыққан азамат оларға бар тиынын санап береді.

Өзен бойында "ғашығымен" романтикалық кездесуді күткен азаматқа алаяқтың екі сыбайласы жабылған. Олар жігітті соққыға жығып, қалтасындағы бар ақшаны сыпырып алғасын, қоқан-лоққы көрсетуге кіріседі. Гей екенін құпияда сақтаулары үшін олар жігіттен 50 мың теңге сұраған. Жігіт оның орнына үйіндегі ноутбугын беретінін алға тартады.

Үйіне жете салысымен "көгілдір жігіт" айласын асырып, олар кірмей жатып есігін құлыптап үлгерген. Осылайша полицейлер шақыртқан азамат алаяқтардан аман-есен құтылды.

Сотта айыптылар бес жылға мүлкі тәркілене отырып, бас бостандығынан айырылды.

Тағы да оқыңыздар:

Сағынтаев рейтинг қуған СҚО әкімін сынның астына алды

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түспек болған жігіт тұрғындардың зәресін ұшыруда

Петропавл тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деп күдіктелуде

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

Сарапшылар осы аптада теңге бағамы қандай болатынын болжады

Оқушы қызға өшіккен Қазақстан тумасы оның жалаңаш фотосын желіге таратып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257140-semeyde-zhartysyn-tappaq-bolghan-kogil.html