RU

Үкімет отырысына министрлердің бірі 1,5 миллион теңгелік алтын телефонмен келген (фото)

Үкімет отырысына кіру үшін министрлер телефондарын қораптарға салып кеткен болатын. NewTimes.kz агенттігінің тілшілері олардың арасынан бір жарым миллион теңгелік алтын телефонды байқап қалды.

Шенеуніктердің бірі 4600 еуро тұратын Vertu телефонын үкімет залына өту үшін кіреберістегі арнайы қорапқа қойып кеткен. Оны фотоға түсіріп алмақ болған тілшінің әрекеті текке кетті. Себебі, журналистің көзіне түскен қымбат телефонды қауіпсіздік қызметкерлері жасырып әлек болған.

«Бұл министрлердің телефондары! Оларды қалайша фотоға түсіресіз? Болмайды» - деп тілшіні тоқтатты қызметкерлердің бірі.

Алайда бес минуттан кейін қызметкерлер аяқ асты жұмсарып сала берген. Олар ақыры әлгі қораптардағы телефондарды фотоға түсіруге рұқсат берді. Ал сол арада қораптардың бірінде тұрған Vertu ізім-ғайым жоқ болған. Тек Iphone, Samsung, Nokia ұялы телефондары ғана өз қожайындарын күтіп тұрды.

Еске салсақ, 24 наурыздан бастап мемлекеттік орган қызметкерлеріне смартфон мен планшеттерді жұмыс уақытында пайдалануға тыйым салынған.

Vertu — алтыннан, Liquidmetal құйындысынан және плаитинадан жасалатын қымбат ұялы телефондардың бірі.

Тағы да оқыңыздар:

Сағынтаев рейтинг қуған СҚО әкімін сынның астына алды

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түспек болған жігіт тұрғындардың зәресін ұшыруда

Петропавл тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деп күдіктелуде

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

Сарапшылар осы аптада теңге бағамы қандай болатынын болжады

Оқушы қызға өшіккен Қазақстан тумасы оның жалаңаш фотосын желіге таратып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257215-ukimet-otyrysyna-ministrlerdinh-biri.html