RU

Палестиналық жігіт зарыға іздеген анасын Меккеден тауып алды

Палестиналық мұсылман жігіт Имамуддин Хамаш Газа секторындағы топалаң кезінде анасымен ажырап қалады.

Арада бес жыл уақыт өтсе де зарыға іздеген анасымен жолығу нәсіп болмаған еді. Алланың қалауымен қажылық сапарында арманы орындалып, ойламаған жерде анасын кездестіреді, деп жазады baq.kz.

Хамаш Мекке қаласына Сауд Каролдігінің патшасы Салманның Палестиналық 1000 қажыға бөлген арнайы шақыртуы бойынша ұлы сапарға келген болатын.

«Сауд патшасының қайырымдылық бағдарламасы Газаның тосқауылын күл талқан етті», – деп Хамаш толқыған сезімін жасыра алмады.

Сондай-ақ, анасы басқа балаларымен Әр-Рияд қаласында тұратынын да тілге тиек етті. Көзіне іркілген жасты сүртіп, толғанысын жасыра алмаған Хамаш:

«Қасиетті жерге келіп ақ сүтін аямаған анамды жолықтырамын, қайта тауып аламын деген ой мүлдем басыма келмеген еді», – деп Аллаға мақтаулар айтып, шүкірліктер келтірді.

Тағы да оқыңыздар:

Қырғызстандық жігіт өзінің қарт әкесін зорлап тастады

Ресейлік теннисшіге орысша ұрандатқан қазақ жанкүйерлері қатты ұнап қалды

Ішкі істер министрі Павлодарда соққыға жығылған ауыл тұрғындары туралы ауыз ашқан жоқ

Әкесіне бауырын бөліп берген жігіт перзенттік парызының өтелгеніне қуанды

Сүйіктісіне су жаңа Bentley сыйлаған қалталы азамат Қазнетте қызу пікірталас тудырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257232-palestinalyq-zhigit-zarygha-izdegen.html