RU

Әзілдің түбін түсіретін Мейрамбек Беспаев тағы да желіні "жарды"

Опера әншісі Сүндет Байғожинмен әзілдескен Мейрамбек Беспаев тағы да желі қолданушыларының көңілін көтерді деп хабарлайды NUR.KZ.

Опера әншісі Сүндет Байғожин желідегі парақшасына видео жариялап, ондағы Мейрамбек Беспаевтің әзілі желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Видеодан Мәскеу қаласына өнер көрсетуге келген "МузАРТ" тобы мен Сүндет Байғожиннің арадағы әзіл "әңгімелерін" тамашалауға болады.

"Мейрамбек аға "жарды"!!! Мейрамбек ағадан жаңа вайн!", - деп жазды Сүндет.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары мәз болысты. Олар Мейрамбектің тапқырлығына таң-тамаша болып, Сүндеттің даусына тамсанды.

Естеріңізге салсақ, осы күндері бірқатар отандық әртістер Мәскеудегі Кремльде өтіп жатқан концертке қатысып, өз өнерлерін ресейліктерге паш етуде. Олардың арасында "МузАРТ" тобы, Бүркіт пен Аиша, Роза Рымбаева, Сүндет Байғожин, Майра Ілиясова сынды өнер саңлақтары да бар.

Тағы да оқыңыздар:

Сағынтаев рейтинг қуған СҚО әкімін сынның астына алды

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түспек болған жігіт тұрғындардың зәресін ұшыруда

Петропавл тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деп күдіктелуде

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

Сарапшылар осы аптада теңге бағамы қандай болатынын болжады

Оқушы қызға өшіккен Қазақстан тумасы оның жалаңаш фотосын желіге таратып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257244-azildinh-tubin-tusiretin-meyrambek.html