RU

Әлемдегі ең күлкілі құдаласатын елдер

"Құда – мыңжылдық". Осы бір ұғым қазақ танымында берік орнаған. Төс қағыстырып, кұйрық-бауыр асатып, құда атанатын салт өзге елде мүлдем басқаша. Тіпті, кей елдерде келіннің қолын сұрай келген жандар болашақ құдасына шылым ұсынады екен. Тағы қандай қызықтар барын massaget.kz сайты тізбектеді.

Шылым ұсыну

Суринамдағы үндіс дәстүрінде егер жігіт бір қызды ұнатып қалса, жігіттің әкесі сәтті күнді таңдап, қыздың үйіне сәлем бере барады, әрі шылым ұсынып құдаласпақшы болғанын білдіреді. Бұл құдаласуға болған шын ниетін білдірудің жолы деп есептеледі екен. Қыздың әкесі шылымды алса, құдаласуға келіскені деп есептелінеді.

Шақыру қағазын ұсыну

Германияның шеткей ауылдарында қыздың әке-шешесі әсемделген шақыру қағазына қыз жақтың құдаласу шарттарын жазып, сосын оны достары мен таныстарына пошта арқылы жібереді екен. Қабыл алушы болса, қонақ киімін, қалпағын киіп, қолына гүл ұстап, әлгі шақыру қағазын алып қонаққа келеді екен. Содан бастап құда болып, той қамына кіріседі.

Қол алысу

Мароккодағы барбари тайпасы әр жылы қыркүйек айында бір рет болашақ келіндерге арналған діни жәрмеңке өткізеді. Жігіт бір қызды ұнатып қалса, оң қолын қызға созып ишара жасайды, егер қыз да жігітті жақтырса оң қолын созып жігіттің қолын ұстайды. Қыздың оған көңілі болмаса, оң қолын бермейді. Егер қыз қосылған болса: "Сен менің бауырымды алып кеттің",- деп тіл қатады екен.

Кофе сыйлау

Югославияның орталығында егер жігіт бір қызды ұнатып қалса, үйіне барып қызға көңілін білдіруіне болады. Егер қыз жігітке қант қосылған тәтті кофе әкеліп берген болса, онда оның мақұл болғаны, егер кофе ащы болса, ренжімеңіз, мақұл бола алмаймын дегенді білдіреді екен.

Садақ атып құда түсу

Африкадағы тайпалардың бірінде қыздар су құйылған күбіні төбесіне қойып, бір қолымен сүйеп жүреді. Жігіт қыздың соңынан еріп жүріп, садақ атып, жебесін қыздың алдына түсіреді. Егер қыз жігітті ұнататын болса, жебені аяғымен іліп алып, көкке лақтырып, оны екі қолымен ұстап алады, әрі төбесінде тұрған суды шайқалтып, төкпеуі керек екен.

Тағы да оқыңыздар:

Сағынтаев рейтинг қуған СҚО әкімін сынның астына алды

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түспек болған жігіт тұрғындардың зәресін ұшыруда

Петропавл тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деп күдіктелуде

Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады

Сарапшылар осы аптада теңге бағамы қандай болатынын болжады

Оқушы қызға өшіккен Қазақстан тумасы оның жалаңаш фотосын желіге таратып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257249-alem-boyynsha-enh-oghash-qudalasu-dasturl.html