RU

Сағынтаев қызметіне келе сала базар аралап кеткен әкімдерді келеке етті

Қызметіне тағайындала салып, базар аралап кететін әкімдердің бұл ісін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жай ғана популизм деп атады.

Бұл туралы skifnews.kz хабарлайды.

Өйткені, саудагерлер шенеунік келетін кезде бағаны төмендетіп, кеткен кезінде қайта өз бағасын қояды дейді премьер. Ал, сатушылардың бұл қулығын әкімдер білсе де, көз жұма қарайды.

Сағынтаев Қазақстандағы бағаны ұстау саясатын сынап отыр. Оның айтуынша, бағаны заң аясында ұстау шараларын қазірден бастап әзірлеп, бір айда бұл заң қабылдануы тиіс.

"Ең алдымен біз бағаның себепсіз өсуіне жол бермеуіміз қажет. Бізде өндірісті ынталандырудың, бағаны ұстаудың барлық тетіктері бар. Бірақ, ол тетіктердің ешқайсысы жұмыс істеп тұрған жоқ, өйткені аймақтарда әкімдіктер тарапынан бақылау жоқ, қатаң бақылау керек. Үнемі цифрларды айтып, саудаласып жатамыз осында. Нақты шаралар қолданудың орнына біздің кейбір әріптестеріміз базар аралап, бағаны өздерінше реттеуді жақсы көреді. Бірақ, олар саудагерлердің бағаны уақытша өзгертіп қоятынын да жақсы біледі. Бұл бізге популизмнен өзге түк бермейді", - дейді премьер-министр.

Ол сондай-ақ, келесі отырыста бағаны реттеу бойынша нақты шаралар қабылдау керектігін айтты.

Естеріңізге салайық, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметтеріне тағайындалған тұста базар аралап, бағалардың тұрақтылығын бақылап қайтқан еді.

Тағы да оқыңыздар:

Жүрегі сыр берген Атамбаев Түркияда ауруханада жатыр

Атырауда 5 мың долларға сәби сатпақ болған қызметкер сотталып кетті

Әзілдің түбін түсіретін Мейрамбек Беспаев тағы да желіні "жарды"

Танымал футболшы бүкіл өмірін исламды тануға арнамақшы

Дубайда араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы тойының қызықсыз өткеніне өкінді

Мейвезер: Альварес Головкинді ұрып тастайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257332-saghyntaev-qyzmetine-kele-sala-bazar.html