RU

Шымкенттік шенеунік 1 млн теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Е.Көкебаев пара алу үстінде қолға түсті.

Бұл туралы Замана басылымы хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің хабарлауынша, департаменттің бас маманы салық төлеуші бір азаматқа оның нақты шығындары мен кірістері жайлы қажетті құжат дайындап бермек болыпты. Ол өзінің көрсететін қызметін 1 миллион теңгеге бағалаған.

Бүгінде Көкебаев Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулау абақтысына қамалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Жүрегі сыр берген Атамбаев Түркияда ауруханада жатыр

Атырауда 5 мың долларға сәби сатпақ болған қызметкер сотталып кетті

Әзілдің түбін түсіретін Мейрамбек Беспаев тағы да желіні "жарды"

Дубайда араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы тойының қызықсыз өткеніне өкінді

Мейвезер: Альварес Головкинді ұрып тастайды

Украиналық модель өзін ұрып-соғатын миллиардер күйеуінен қашып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257360-shymkenttik-sheneunik-1-mln-tenhge-para-al.html