RU

Бангладеште бір басты сиам егіздерін ажырата алмай жатыр

Бүкіл әлем дәрігерлері Рабия және Рукия есімді сиам егіздерін қалай ажыратуды ойлап бас қатыруда деп хабарлайды 24 арна.

Қыздардың миы бөлек, алайда оның қабыршағы ортақ. Жүйке тіндері мен қантамырларын миллиметр миллиметрлеп ажырату қажет. Операцияның сәтті аяқталу мүмкіндігі 50/50.

Бүлдіршіндердің екеу екені және олардың басы біріккені туралы тек туғаннан кейін белгілі болған.

«УДЗ-да дәрігерлер ешқандай ауытқуды анықтаған жоқ. Алайда 8-ші айда мен ауыра бастадым. Дәрігерлер баланың басы денесінен үлкен екенін айтып, оны миындағы судың кесірінен деп болжамдады. Олар маған дәрі жазып берді», - дейді сиам егіздерінің анасы Таслима Хатун.

Енді дәрігерлер алдында қиын таңдау тұр – егіздердің тек біреуі ғана аман қалады. Ал егер операция сәтсіз аяқталса, екеуі де көз жұмады.

Тағы да оқыңыздар:

Қайрат Мәми: 1 миллион 100 мың теңге жалақы аламын, құпия емес!

Жүрегі сыр берген Атамбаев Түркияда ауруханада жатыр

Атырауда 5 мың долларға сәби сатпақ болған қызметкер сотталып кетті

Дубайда араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы тойының қызықсыз өткеніне өкінді

Украиналық модель өзін ұрып-соғатын миллиардер күйеуінен қашып кетті

Шымкенттік шенеунік 1 млн теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257551-bangladeshte-bir-basty-siam-egizderin-azhyrata-almaj-zhatyr.html