RU

Шымкентте тәуіпке көрсеткеннен кейін 11 айлық сәби көз жұмды

Шымкентте тәуіпке көрсетіп келгеннен кейін 11 айлық сәби шетінеп кетті. Куәгерлердің айтуынша, қалаға сәбиді атасы алып келген.

Ол кісі Жетісайға барып, баланы тәуіпке көрсетіп қайтқан, деп хабарлайды TVK арнасына сілтеме жасаған Қазақпарат.

Мәлім болғандай, атасы көліктен түсе бере, көше бойында бала қалшылдап қоя берген. Жақын маңдағы дәріхана әкімшісінің айтуынша, қыз баланың аяқ-қолы тартылып, селкілдей бастаған. Фармацевтер балаға көмек көрсетіп, жедел жәрдемді шақырған. Алайда, олар келгенше сәби шетінеп кеткен.

Бала бұған дейін Арыста тұрып келген. Оның ата-анасы ажырасып кеткен, анасы Алматыда жұмыс істейтін көрінеді.

Алдын ала болжам бойынша, сәбидің тыныс жолдарында дерт болған.

Тағы да оқыңыздар:

Қайрат Мәми: 1 миллион 100 мың теңге жалақы аламын, құпия емес!

Жүрегі сыр берген Атамбаев Түркияда ауруханада жатыр

Атырауда 5 мың долларға сәби сатпақ болған қызметкер сотталып кетті

Дубайда араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы тойының қызықсыз өткеніне өкінді

Украиналық модель өзін ұрып-соғатын миллиардер күйеуінен қашып кетті

Шымкенттік шенеунік 1 млн теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257556-shymkentte-tauipke-korsetkennen-keyi.html