RU

Жезқазғанда оқушы қызды зорламақ болған педофил Өзбекстан азаматы боп шықты

Жезқазғанда оқушы қызды зорламақ болған 23 жастағы Өзбекстан азаматы тергеу абақтысына жабылды. Күдікті саябақта 10 жасар қызға тап бергенін тұрғындар көріп қалып, араша түсіпті.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бейнетаспада азаматты ортаға алғандар оның қыз баланы зорлауға әрекет жасағанын айтады. Олар мұның жеткіншекті саябақтың ішіндегі қалқаға сүйрегенін көріп қалған. Жығып алып, буындырып жатқан кезінде жетіп, қаскөйді сұлатып салдық дейді. Қаршадай қыз шошығаны болмаса, жарақат алмапты. Бірақ күдікті қылмысын мойындамай отыр.

"Куәгерлердің және басқа да айғақ заттардың көмегімен оның осы қылмысқа қатысы бары анықталды. Дегенмен, ол өзінің кінәсін мойындаған жоқ. Азамат Қарағанды облысында еңбек келісім-шартымен жұмыс жасаған. Бұрын қылмыстық не әкімшілік жауапқа тартылмаған", - дейді  Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Тағы да оқыңыздар:

Қайрат Мәми: 1 миллион 100 мың теңге жалақы аламын, құпия емес!

Еліміздегі ең қымбат нан Петропавлда сатылып жатыр

Шымкентте тәуіпке көрсеткеннен кейін 11 айлық сәби көз жұмды

Жүрегі сыр берген Атамбаев Түркияда ауруханада жатыр

Дубайда араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы тойының қызықсыз өткеніне өкінді

Украиналық модель өзін ұрып-соғатын миллиардер күйеуінен қашып кетті

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257571-zhezqazghanda-oqushy-qyzdy-zorlamaq-bol.html