RU

Анджелина Джоли Брэд Питтен барлық балаларын тартып алмақ

Голливуд жұлдызы Брэд Питт нашақор емес және ащы суды аузына да алмайды. Оның әйелі Анджелина Джоли өтірік айтып, осы жағдайды сылтауратып, сотқа ажырасу туралы арыз жазды.

Бұл туралы сейсенбі күні атақты адамдар туралы құпия ақпаратты тарататын TMZ жаңалықтар ресурсы жазды деп хабарлайды bnews.kz.

TMZ Питпен байланысты дереккөздерге сілтеме жасап отыр. Олар актриса таққан кінәні «ойдан құрастырылған өтірік» деді.

«Брэд – балаларына қауіп төндірмеген, керісінше қамқор әке болды», - деп сендірді дереккөздер.

Бұған дейін хабарланғандай, Джоли алты баласының қауіпсіздігін ойлап, ажырасу туралы арыз берді. Актриса Питке балаларды жалғыз өзі өсіретінін айтып, оған құқық беруді талап етті. Бірақ анда-санда көріп тұруына қарсы емес. Ал Бред те өз құқығын қорғап, бала тәрбиесін толық жауапкершілігіме аламын деп отыр, деп жазады ТАСС.

Анджели мен Питт 10 жыл бірге тұрды. 2014 жылдың 23 тамызында некесін қиды. 52 жастағы Бред Питт пен 41 жастағы Анджелина Джолидің алты баласы бар. Оның үшеуін асырап алған.

Тағы да оқыңыздар:

Пиджак пен кроссовки киген Назарбаевтың стилі жастарға ұнап қалды (фото)

Төрт бірдей ауыр дертке шалдыққан қазақ бүлдіршіні өмір сүру үшін арпалысып келеді

Ақтөбедегі медреседе білім алып жүргендердің ішінен 8 уахабшы табылды

Жігіттерден көңілі қалған 30 жастағы қыз тұрмысқа шығудан бас тартты (видео)

Танысын бетон құйып өлтірген оралдық қылмыскер жаға ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257779-andzhelina-dzholi-bred-pitt-balalaryna.html