RU

Зерттеушілер етті жақсы көретін жігіттердің шыдамсыз, міншіл болатынын анықтады

Жігіттердің қыздарға қарағанда тамаққа деген талғамы қаталырақ екені белгілі. Қыздардың көпшілігі тәттіні ұнатса, жігіттердің дені тойымды асты жақсы көреді. Осы орайда жігітті сүйікті асына қарап қалай тануға болатынын massaget.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Олардың сүйікті асы мінездерінен де хабар бере алады екен. Қалай дейсіз бе? Түрік психологтары осы мәселеге байланысты зерттеу жүргізіп, төмендегідей қорытындыға келіпті.

Етсіз өмір сүре алмайтын жігіттерді ғалымдар шыдамсыз, міншіл, бірінші кезекте өздері жайлы ойлайды деп сипаттады. Қызу қанды ет сүйгіш жігітке әр кез мейіріммен, түсіністікпен қарау керек.

Балық пен теңіз өнімдерін сүйіп жейтін жігіттер отбасы құруға дайын болады екен. Олар шыдамдылық, байсалдылық сынды отбасылық өмірде қажет болатын қасиеттерге ие. Сөзсіз, балыққа құмар жігіт керемет күйеу бола алады.

Көкөністерге құмар жігіттер қыздарға бір қарағаннан аса ұнайтын болады, көрікті әрі көңілді келеді. Бұл көкөністердің пайдасымен-ақ түсіндіріледі.

Ал жемістерді сүйіп жейтін жігіттер өмірге жақсы қарайды, әр кез жайдарлы, күлімсіреп жүреді. Ол өзінің көңіл күйімен сүйіктісінің әр күнін мерекеге айналдыра алады.

Тәтті кәмпиттерге құмар жігіттермен тіл табысу өте қиын. Есесіне тәттіге құмар жігіттер басқа жаман әдеттерден аулақ болатыны дәлелденді.

Тағы да оқыңыздар:

Кәмшат Жолдыбаева жалғыздықтан құса болған әйелдің бейнесіне енді

Қайрат Мәми: 1 миллион 100 мың теңге жалақы аламын, құпия емес!

Еліміздегі ең қымбат нан Петропавлда сатылып жатыр

Шымкентте тәуіпке көрсеткеннен кейін 11 айлық сәби көз жұмды

Жүрегі сыр берген Атамбаев Түркияда ауруханада жатыр

Дубайда араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы тойының қызықсыз өткеніне өкінді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1257942-zertteushiler-etti-zhaqsy-koretin-zhigi.html