RU

Гамбия президенті Құранмен қауіпті ауруларды емдейді

Гамбия президенті Яйя Джамме СПИД дертімен ауырған адамдарды емдеу тәсілін тапты. Ол Құранда аты аталған жеті емдік шөп арқылы ем жүргізетінін мәлімдеді деп жазады GSN. Бұл туралы e-islam.kz сайты хабарлады.

Президенттің айтуынша, ол СПИД-пен ауыратын адамдарды Банджула ауруханаларының бірінде емдеп келеді. Ем дүйсенбі және бейсенбі күндері жүргізіледі. Бір уақытта он адамды емдей алатынын айтқан Гамбия басшысы сенбі, жексенбі күндері астмаға шалдыққандарға ем жасайтынын жеткізді.

Еске сала кетсек, Джамма бұған дейін өз елінде біржыныстық қатынасқа өмір бойы түрме жазасын кесу туралы заң шығарған болатын. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Гамбия ислам республикасы деп ресми жарияланды.

Тағы да оқыңыздар:

Тоқтар Төлешовтің әйелі мен тоқалдары туралы не білеміз? (фото, видео)

Пиджак пен кроссовки киген Назарбаевтың стилі жастарға ұнап қалды (фото)

Төрт бірдей ауыр дертке шалдыққан қазақ бүлдіршіні өмір сүру үшін арпалысып келеді

Ақтөбедегі медреседе білім алып жүргендердің ішінен 8 уахабшы табылды

Жігіттерден көңілі қалған 30 жастағы қыз тұрмысқа шығудан бас тартты (видео)

Танысын бетон құйып өлтірген оралдық қылмыскер жаға ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1258114-gambiya-prezidenti-quranmen-qauipti.html