RU

Алматы облысында 56 жастағы әйел аяусыз зорланды

Алматы облысының "Бәйтерек" ауылында жантүршігерлік зорлау жағдайы болды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"НеМолчиKZ" ұлттық қозғалысына" зардап шеккен әйелдің туыстары жүгінген. Олардың сөзіне сенсек, 56 жастағы әйел өзінің "Бәйтерек" ауылындағы үйінде аяусыз зорланған. Бұл туралы ұйымның сайтында жазылды.

Туысқандар жергілікті полицияның бұл жайтқа атүсті қарап отырғанын мәлімдеп, қоғамнан көмек сұрады.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, 56 жастағы зорланған әйел бүгінде Есік қаласының емханасында өте ауыр халде жатыр. Соққыға жығылған зардап шегуші ауыр бас жарақатын алған. Көзіне, ерніне, мойны мен кеуде тұсына және жыныс мүшесіне үлкен зақым келген. Әйелге дереу көзіне ота жасату керек және нейрохирургтен ем алуы тиіс. Бас жарақатын алғант нәзік жандының есі кіресілі-шығасылы екен.

Әйелдің жақындары оның отасына жедел квота алдыру үшін еліміздің денсаулық сақтау министрлігінен көмек сұрады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысының Есік қаласында төрт жігіттің бойжеткенді зорлағаны жұртты есеңгіреткен болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Тоқтар Төлешовтің әйелі мен тоқалдары туралы не білеміз? (фото, видео)

Пиджак пен кроссовки киген Назарбаевтың стилі жастарға ұнап қалды (фото)

Төрт бірдей ауыр дертке шалдыққан қазақ бүлдіршіні өмір сүру үшін арпалысып келеді

Ақтөбедегі медреседе білім алып жүргендердің ішінен 8 уахабшы табылды

Жігіттерден көңілі қалған 30 жастағы қыз тұрмысқа шығудан бас тартты (видео)

Танысын бетон құйып өлтірген оралдық қылмыскер жаға ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1258324-almaty-oblysynda-kezekti-ret-zhantursh.html