RU

Арабтар жүргізушісіз-ақ жүретін автобустар шығармақшы

Біріккен Араб Әмірлігі 2030-жылға дейін елдегі транспорт жүйесінің ширек бөлігін автоматтандыруға көңіл бөліп отыр. Ауқымды жобаның бір бөлігі ретінде Дубай көшелерінде жүргізушісі жоқ автобустар пайда болмақ деп хабарлайды Muslim.kz.

Қазіргі уақытта аталмыш автобустарды сынақтан өткізу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Дегенмен, өздігімен жүретін бұл автобустарға «сеніп тапсырылған» бағдар ұзындығы – 700 метр ғана.

Сондай-ақ, бұл автобустарға бар болғаны 10-ақ адам сыяды. Ал, жылдамдығы – сағатына 40 шақырым. Электр энергиясы негізінде қозғалатын бұл қоғамдық көліктер қала ішінде түнімен қызмет жасайтын болады.

«Жоба авторлары автобустың айналасындағы кедергілерге орай жылдамдығын ауыстырып немесе тоқтай алатын қабілетке ие екендігіне кепілдік береді», – дейді Дубай қаласының Транспорт басқармасының бас директоры Маттар әл-Таир.

Тағы да оқыңыздар:

Тоқтар Төлешовтің әйелі мен тоқалдары туралы не білеміз? (фото, видео)

Пиджак пен кроссовки киген Назарбаевтың стилі жастарға ұнап қалды (фото)

Төрт бірдей ауыр дертке шалдыққан қазақ бүлдіршіні өмір сүру үшін арпалысып келеді

Ақтөбедегі медреседе білім алып жүргендердің ішінен 8 уахабшы табылды

Жігіттерден көңілі қалған 30 жастағы қыз тұрмысқа шығудан бас тартты (видео)

Танысын бетон құйып өлтірген оралдық қылмыскер жаға ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1258332-arabtar-zhurgizushisiz-aq-zhuretin-avto.html