RU

Белгілі саясаттанушы тоғызыншы рет ауысқан үкіметтің өзгеріс әкелетініне сенбейді

Танымал саясаттанушы, тіл маманы Расул Жұмалы тоғызыншы рет ауысып отырған үкіметтен өзгеріс күтпейтінін жеткізді. Бұл туралы саясаттанушы Қазақстан мектептерінде үштілділікті енгізу мәселесіне арналған IQ Studio сараптамалық жиынында NUR.KZ порталының тілшісіне айтты.

Расул Жұмалы қазақ тілі мәселесі жеке дара бір тұлғаның келуі арқылы шешіледі дегенге де сенбейтінін жасырмады. Оның айтуынша, үкіметте отырғандардың барлығы атқарушылар ғана.

"Бір емес, тоғызыншы рет үкімет ауысып отыр, әркез өздерінің орындарымен өзара ауысады да, негізгі саясат, негізгі бағыт баяғыдай болып қала береді. Әу баста Мәсімовтің орнына Сағынтаев келгенде мен секеммен қарадым. Бұдан бірнәрсе шыға қояды дегенге мен өз басым сенбеймін. Қазақ мәселесі жеке дара бір тұлғаның келуі арқылы шешіледі дегенге де сенбеймін. Үкіметте отырғандардың барлығы атқарушылар ғана", - дейді ол.

Саясаттанушы, сонымен бірге, күні кеше үкіметте өткен жиында орыс тілінің басым  болғанын да назардан тыс қалдырмады. Оның пікірінше, бұл жағдай саяси реформаларды қажет етеді.

"Ал кешегі үкімет жиынының орысша өткендігі ол саяси реформаларды қажет ететін жағдай. Өз ішінен бұл жүйе оңтайлана түседі, дұрыстала түседі дегенге өз басым сенбеймін", - деді ол.

"Ал үкімет қазақша қашан сөйлей бастайды?", - деген сұраққа:

"Ол үшін қандай да реформа бастап, талап қою керек. Біздің үкіметіміздің, міне 25 жыл болды орысша сөйлеп, бөтен елдің тілінде шүлдірлеп отырғаны, біздің мемлекеттік қызметкерлердің өз ана тілін білмеуі (ойға кіріп шықпайтын нәрсе, басқа мемлекеттерде ондай жоқ) жекелеген шенділердің, саясаткерлердің кінәсі ғана емес, ол аузымызды жауып отырған, сонымен келісіп отырған, осындай намысқа тиетін нәрселерге бас шұлғып отырған сіз бен біздің кінәміз", - деп жауап қайырды.

"Жаңа премьер басқалардан гөрі қазақша жақсы сөйлейді деп бәріміз қуанып едік. Кеше ғана, алдыңгүні алғашқы отырысы өтті, ол бастан-аяқ орысша өтті", - деді ол.

Еске сала кетсек, белгілі журналист Болат Мүрсәлім де үкімет отырысында бірінен кейін бірі шығып орысша сөйлеген министрлерді сынға алғаған еді.

Тағы да оқыңыздар:

Тоқтар Төлешовтің әйелі мен тоқалдары туралы не білеміз? (фото, видео)

Пиджак пен кроссовки киген Назарбаевтың стилі жастарға ұнап қалды (фото)

Төрт бірдей ауыр дертке шалдыққан қазақ бүлдіршіні өмір сүру үшін арпалысып келеді

Ақтөбедегі медреседе білім алып жүргендердің ішінен 8 уахабшы табылды

Жігіттерден көңілі қалған 30 жастағы қыз тұрмысқа шығудан бас тартты (видео)

Танысын бетон құйып өлтірген оралдық қылмыскер жаға ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1258355-belgili-sayasattanushy-toghyzynshy-ret.html