RU

Әсел Баяндарова өзімен "кездесуді" тағы да сатылымға шығарды

Атышулы блогер Әсел Баяндарова тағы да өзімен "кездесу мүмкіндігін" сатылымға шығарды. Ол Алматыдағы бұрынғы депоны абаттандыру үшін қаражат бөле алатын адаммен бірге кофе ішетінін алға тартты.

Бұл туралы ол өз Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Қымбатты алматылықтарға, трамвай депосының орнына не салынады деп жалқаулықпен күтіп отырған баршамызға айтарым бар. Бір белсенді топ "политехникалық мұражай" атауымен байқауға өз ұсынысын жолдады. Олардың жобасы керемет", - деп сөзін бастады ол.

Баяндарова жоба назар аударуға тұрарлық екенін алға тартты.

"Біріншіден сәулетші Бекзат Аманжол ғимараттың жобасын құрып қойды (тегін), бұл жобаның ерекшелігі - ескі депо ғимаратын барынша сақтап қалатынында. Бұл тарихи тұрғыдан құны болмақ. Ғимарат ішінде интерактивті көрме болады. Балалар алаңы да қарастырылған. Екіншіден, құрылысқа қаражат қола ашық ел жанашырларының қаражатына салынады деп күтілуде. Яғни, біздің қалтадан емес. Үшіншіден, депоның жері халыққа қалады", - дейді блогер.

Божеткеннің айтунша, белсенді топ өз ұсынысымен әкімдіктен бастап талай адамға жүгінген, тіпті Әселдің өзіне шығып, көмек сұраған.

"Алматылықтар, бізге қаланы көрікті етудің керемет мүмкіндігі туып тұр. Кезекті сауда орталығы емес балаларымыздың ғылыми тұрғыдан дамып, өркендеуіне үлес қосатын орын ашылуы мүмкін. Барынша көмекке шығып, қаражат бөлейік. Ал ең көп ақша берген қолы ашық меценатпен бірге кофе ішу мен үшін бақыт", - деп жазған Әсел.

Тағы да оқыңыздар:

Тоқтар Төлешовтің әйелі мен тоқалдары туралы не білеміз? (фото, видео)

Пиджак пен кроссовки киген Назарбаевтың стилі жастарға ұнап қалды (фото)

Төрт бірдей ауыр дертке шалдыққан қазақ бүлдіршіні өмір сүру үшін арпалысып келеді

Ақтөбедегі медреседе білім алып жүргендердің ішінен 8 уахабшы табылды

Жігіттерден көңілі қалған 30 жастағы қыз тұрмысқа шығудан бас тартты (видео)

Танысын бетон құйып өлтірген оралдық қылмыскер жаға ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1258385-asel-bayandarova-taghy-da-ozimen-kezdes.html