RU

Атамқұловтың есебін тыңдауға келгендер тәтті ұйқыға кетті (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген міндеттердің орындалу барысы туралы есеп берді.

Атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларды бүге-шүгесіне дейін баяндап берген аймақ басшысының бұл есебін тыңдауға келгендердің кейбірі іштері пысқан болу керек, қолдарындағы смартфонын шұқыласа, енді бірі тәтті ұйқыға кетті, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшіcі.

Өз сөзін өңірдегі индустриалдық аймақтардан бастаған Атамқұлов аталған жоба аясында қолға алынған жұмыстарды тізіп шықты.

«Индустриалды-инновациалық даму» бағдарламасы аясында 27 млрд теңгеге 16 жобаны іске қосып, 845 жұмыс орнын құру жоспарланса, жыл басынан 2 жоба іске қосылып, 74 жұмыс орны ашылды. Бағдарлама аясында бюджетке түскен салықтардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 804 млн теңгеге артып, 5,4 млрд теңгені құрады. 6 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 384 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өсім бойынша облыс республикада алдыңғы қатарда", - деді Бейбіт Атамқұлов.

Сонымен қатар өңір басшысы өз сөзінде білім, денсаулық, ауыл шаруашылық және тағы да басқа салаларда атқарылған жұмыстары туралы баяндап, ішкі істер саласының жұмыстарына да ерекше тоқталды.

"Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, 186 бейне бақылау камералары, 89 қызметтік автокөліктер, 10 интеллектуалды жол қозғалысы жүйесі алынды" деген аймақ басшысы жергілікті полиция қызметіндегілер халықтың қызметшісі болу керектігін, ал олардың жақсы жұмыс жасауы үшін қызметтік пәтермен қамтып, жағдайын жасау қажеттігін айтты.

Жиынға қатысушылардың басым көпшілігі әкім есебін ұйып тыңдаса, арасында тәтті ұйқыға кетіп, енді кейбірі смартфон шұқылап, уақыттарын өткізуге тура келді.

Жиын соңында облыстық мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныс-тілектер айтылып, өзіне жүктелген міндеттердің орындалу барысын баяндаған әкімнің есебін олар бір ауыздан оң бағалады.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет

Тағы оқыңыздар:

Тоқтар Төлешовтің әйелі мен тоқалдары туралы не білеміз? (фото, видео)

Пиджак пен кроссовки киген Назарбаевтың стилі жастарға ұнап қалды (фото)

Төрт бірдей ауыр дертке шалдыққан қазақ бүлдіршіні өмір сүру үшін арпалысып келеді

Ақтөбедегі медреседе білім алып жүргендердің ішінен 8 уахабшы табылды

Жігіттерден көңілі қалған 30 жастағы қыз тұрмысқа шығудан бас тартты (видео)

Танысын бетон құйып өлтірген оралдық қылмыскер жаға ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1258398-atamqulovtynh-esebin-tynhdaugha-kelgen.html