RU

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан жолаушылардың бірінің басы жұлынып кетті (фото)

Шымкент-Ташкент тас жолында тағы да ірі жол апаты орын алды. Қайғылы оқиға бүгін сағат 14:00 шамасында Ташкент тас жолының 30-шақырымында орын алған. Жол көлік оқиғасы салдарынан екі адам қайтыс болды.

Бұл туралы  жергілікті TVK телеарнасына сілтеме жасап Skifnews.kz порталы хабарлайды.

Тас жол бойында «Фольксваген-Джетта» мен жолаушылар таситын «КИА-Карнивал» көліктері соқтығысқан. Салдарынан «Джетта» екіге бөлініп қалды, оның жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Ал, «КИА» көлігінің қозғалтқышы жұлынып түсіпті. Көліктегі жолаушылардың бірі қайтыс болды, оның басы кесіліп түскен деп хабарлайды телеарна тілшілері.

Апаттан кейін ауруханаға 6 адамның жеткізілгені белгілі болды. Олардың қазіргі жағдайы белгісіз.

Алдын ала болжам бойынша, «Фольксваген-Джетта» жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Алайда, кімнің кінәлі екенін сот сараптамасы анықтайтын болады.

Жолаушылар көлігі Жібек жолы ауылынан Шымкентке қарай бет алған екен. Оның салонында Өзбекстанның 6 азаматы болған. Барлығы да Ферғана облысынан Қазақстанға жұмыс істеу мақсатында келіпті. Тек, көлік жүргізушісі ғана ҚР азаматы.

Естеріңізге салайық, діл осы тас жолдың бойында бірер күн бұрын ірі жол көлік оқиғасы орын алған болатын. Ол кезде де жолаушылар таситын Ford микроавтобусы мен жеңіл көлік соқтығысқан. Салдарынан 6 адам қайтыс болып, тағы бірнеше жолаушы ауруханада ем қабылдап жатыр. Көз жұмғандар қатарында үш жасар қыз да бар.

Тағы оқыңыздар:

Атамқұловтың есебін тыңдауға келгендер тәтті ұйқыға кетті (фото)

Алматы облысында 56 жастағы әйел аяусыз зорланды

Атышулы Әсел Баяндарова өзімен "кездесуді" тағы да саудаға шығарды

Белгілі саясаттанушы тоғызыншы рет ауысқан үкіметтің өзгеріс әкелетініне сенбейді

Ақтөбеде екпенің кесірінен бойы өспей қалған жігіт отбасын құруды армандап жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1258542-shymkent-tashkent-tas-zholynda-taghy-da-zha.html