RU

28 бала тәрбиелеп отырған Моңғолия президентіне жұрт сүйсінді (фото)

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж мемлекет басшыларының арасындағы ең көп балалы әке. Ол 28 бала тәрбиелеп отыр. Оның ішінде бесеуі өзінің туған баласы болса, қалған 23-ін асырап алған.

Бұл туралы obozrevatel.com порталына сілтеме жасап BAQ.kz хабарлайды.

Президенттің ең үлкен ұлы 26 жаста. Моңғолия басшысы бала тәрибелеу кезінде отбасында көп кикілжің болатынын жасырмайды.

Цахиагийн Элбэгдорж Украинаның Львов қаласындағы Львовтағы әскери-саяси училищені (әскери журналистика мамандығы бойынша) бітірген. Сондай-ақ 2002 жылы Дж. Кеннеди атындағы Гарвардтың мемлекеттік басқару мектебінде (мемлекеттік басқару магистрі) оқыған.

Жары Хажидсуренгийн Болормаа да Львовта білім алған. 1988 жылы Львов мемлекеттік университетін және 2005 жылы АҚШ-тың Вирджиния штатындағы бизнес және технология ұлттық колледжін бітірген. «Hope-Cancer-Free» ұлттық қорының негізін қалаған.

Тағы оқыңыздар:

Атамқұловтың есебін тыңдауға келгендер тәтті ұйқыға кетті (фото)

Алматы облысында 56 жастағы әйел аяусыз зорланды

Атышулы Әсел Баяндарова өзімен "кездесуді" тағы да саудаға шығарды

Белгілі саясаттанушы тоғызыншы рет ауысқан үкіметтің өзгеріс әкелетініне сенбейді

Ақтөбеде екпенің кесірінен бойы өспей қалған жігіт отбасын құруды армандап жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1258577-28-bala-tarbielep-otyr-monhgholiya-prezide.html