RU

7-сыныптың оқулығында жүрген Сабина Алтынбекова желі қолданушысын таңырқатты (фото)

Қазақстандағы спортшы қыздардың арасында елге кеңінен танылған Сабина Алтынбекованың суреті 7-сыныпқа арналған орыс тілі кітабының ішінде жүр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дина Ибраева есімді азаматша әлеуметтік желідегі жеке парақшасына оқулықтың бетін суретке түсіріп салған. Оның айтуынша, кітап «Атамұра» баспасынан шыққан.

«7-сыныпта оқитын жиенімнің орыс тілі кітабында Сабина Алтынбекованың суреті жүр. «Сұлулық, аниме, фолловер, инстаграм... Қазіргі орыс тілінің оқулығы осындай сөздермен толығыпты», - деп жазған Дина Ибраева.

Айта кетейік, волейболдан 17-ші Азия чемпионаты өтіп жатқан кезде Қытайдың БАҚ-тары Сабина Алтынбекованың сұлулығын жарыса жазған еді. Осылайша, қазақ қызы әлемдегі ең сұлу спортшылардың рейтингісіне енді.

Оның келбеті әсіресе шығыс және оңтүстік-шығыс халқын тамсандырды. Қазір Алтынбекованың Instagram парақшасында 608 мың тіркелуші бар.

Тағы оқыңыздар:

Атамқұловтың есебін тыңдауға келгендер тәтті ұйқыға кетті (фото)

Алматы облысында 56 жастағы әйел аяусыз зорланды

Атышулы Әсел Баяндарова өзімен "кездесуді" тағы да саудаға шығарды

Белгілі саясаттанушы тоғызыншы рет ауысқан үкіметтің өзгеріс әкелетініне сенбейді

Ақтөбеде екпенің кесірінен бойы өспей қалған жігіт отбасын құруды армандап жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1258610-7-synyptynh-oqulyghynda-zhurgen-sabina-al.html