RU

Бозбала Сәкенді желі қолданушылары Құдайберген Бекішовке ұқсатты (видео)

Белгілі әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиевтің жас кезін көрген желі қолданушылары әншіні Құдайберген Бекішовке ұқсатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына 1997 жылы «Жас қанат» байқауына қатысқан видеосын жария етті.

«20 жыл бұрын бұл костюм мен шалбар маған тар болатын. Ол кезде осылай жабыстырып кию мода еді. 1997 жыл. //«Жас қанат», жанды дауыс», - деп жазған ол парақшасына.

Видеоны көрген желі қолданушылары әншінің киіміне, жас кезіндегі келбетіне қатысты түрлі пікірлер білдіруде. Тіпті, кейбірі жас Сәкеннің әнші Құдайберген Бекішовтен айнымай қалғанын жазуда.

"Құдайберген Бекішов екен деп қалсам, өмір адамды өзгертеді екен", "Мына жерде Құдайберген Бекішов ағамызға ұқсап қалыпсыз, "Шынымен сіз бе", - деген пкірілерін қалдырды олар.

Тағы оқыңыздар:

Атамқұловтың есебін тыңдауға келгендер тәтті ұйқыға кетті (фото)

Алматы облысында 56 жастағы әйел аяусыз зорланды

Атышулы Әсел Баяндарова өзімен "кездесуді" тағы да саудаға шығарды

Белгілі саясаттанушы тоғызыншы рет ауысқан үкіметтің өзгеріс әкелетініне сенбейді

Ақтөбеде екпенің кесірінен бойы өспей қалған жігіт отбасын құруды армандап жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1258691-zhas-sakendi-zheli-qoldanushylary-anshi-q.html