RU

Сарбазды ұрып өлтірген "дембельдер" ұзақ жылға сотталды

Оқиға биыл шілде айының басында Алматы облысында орын алған. Борышын өтеуге жаңа келген жас сарбазды екі "дембель" дұрыс құрмет көрсетпегені үшін соққыға жығыпты. Алған дене жарақаттары салдарынан жәбірленуші көз жұмған.

Ал, айыптыларға бүгін сот үкімі шықты деп жазады YK-news порталына сілтеме жасап  Skifnews.kz порталы.

Әскери соттың шешімімен сарбаздардың бірі 10 жылға, екіншісі 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың бірі жасаған қылмысын сол күйі мойындамаған.

Тергеу барысында анықталғандай, оқиға болар кезде қос сарбаздың жанына жас сарбаз келіп амандасқан екен. Алайда, "дембельдерге" оның амандасу тәсілі ұнамай, марқұмды екеуі жабылып тепкілеп тастапты. Жәбірленушінің есінен таңып қалғаны да қылмыскерлерді тоқтатпаған.

Тек, оқиғаға куә болған өзге сарбаздар офицерлерді шақырғанда ғана қос "дембель" жерде жатқан қаруластарын қоя берген көрінеді. Кейінірек анықталғандай, айыпты қос сарбаз да ШҚО-дан шақырылғандар болып шықты.

Жәбірленген жас жігіт лазаретте көз жұмды. Өлім бас сүйектің зақымдануынан болған дейді дәрігерлер.

Тағы оқыңыздар:

Атамқұловтың есебін тыңдауға келгендер тәтті ұйқыға кетті (фото)

Алматы облысында 56 жастағы әйел аяусыз зорланды

Атышулы Әсел Баяндарова өзімен "кездесуді" тағы да саудаға шығарды

Белгілі саясаттанушы тоғызыншы рет ауысқан үкіметтің өзгеріс әкелетініне сенбейді

Ақтөбеде екпенің кесірінен бойы өспей қалған жігіт отбасын құруды армандап жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1258725-sarbazdy-uryp-oltirgen-dembelder-uz-2.html