RU

Әдепсіздік танытып, дөрекі сөйлеген депутаттар парламанттен қуылатын болды

Әдепсіздік танытқан депутаттар парламенттен қуылуы мүмкін. Бұдан-былай мәжілісмендердің жүріс-тұрысы қатаң қадағалауда болады.

Төмегі палата жанынан құрылған «Әдеп кеңесі» мықтап іске кіріспекші деп хабарлайды КТК арнасы.

Яғни, халық қалаулыларының тәртібін 7 депутаттан құралған комиссия мүшелері жіті бақыламақ. Егер депутат қоғамдық орында, көшеде, жұмыста жүргенде өзін мәдениетсіз ұстаса, дөрекі сөйлеп, біреуді балағаттаса, кез-келген адам үстінен шағымдана алады.

«Әдеп кеңесі» парламент этикасын бұзған мәжілісменді алдымен тура мектептің сотқар оқушысы сынды ортаға салып, жазалайды. Тіпті депутаттық мандатынан да айыруы мүмкін. Сондай-ақ, депутаттар жұмысқа кешігіп келсе немесе себепсіз отырыстарға қатыспай қалса да жауап береді.

Бірақ халық қалаулыларына бұрынғыдай үкімет мүшелеріне, министрлер мен шенеуніктерден сауатты заң жазуды талап етіп, дауыс көтеруге, эмоцияға берілуіне рұқсат екен.

Тағы оқыңыздар:

Атамқұловтың есебін тыңдауға келгендер тәтті ұйқыға кетті (фото)

Алматы облысында 56 жастағы әйел аяусыз зорланды

Атышулы Әсел Баяндарова өзімен "кездесуді" тағы да саудаға шығарды

Белгілі саясаттанушы тоғызыншы рет ауысқан үкіметтің өзгеріс әкелетініне сенбейді

Ақтөбеде екпенің кесірінен бойы өспей қалған жігіт отбасын құруды армандап жүр (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1258792-adepsizdik-tanytyp-doreki-soylegen-d.html