RU

Ұшақта төбелес шығарған бизнес-леди Айнұр Нұрсейітованың әкесі бес күнге қамалды

Қазақстандық бизнес-леди Айнұр Нұрсейітованың әкесі Ертай Нұрсейітов бес күнге қамалды. Бқл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қаулысымен Н. әкімшілік құқық бұзушылық, яғни, бұзақылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, бес күнге қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапқа тартылды», - деп хабарлады Алматы қалалық соты.

Еске сала кетсек, 12 қыркүйек күні ATLAS JETATLAS GLOBAL әуе компаниясының К6755 чартерлік рейсі Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болды.

Көліктегі ІІД мәліметтері бойынша, алкогольді ішімдік ішкен үш жолаушы төбелескен. Оларға қатысты бұзақылық үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақтау халықаралық әуежайына 12 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00:16-да ATLAS JETATLAS GLOBAL әуе компаниясының К6755 чартерлік рейсі келіп қонған.

Белгілі болғандай 200 жолаушыны тасымалдап келе жатқан ұшақ экипажы борттағы үш жалаушының кесірінен Ақтау әуежайына қонды. Олар мас болып, қасындағы адамдарды, бортсеріктерді балағаттаған.

Кейін айқай шығарған үш жолаушы Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Олардың арасында отандық актрисаның әкесі де бары анықталған еді.

Ал, белгілі кәсіпкер Айнұр Нұрсейіт Анталия-Алматы ұшағы бортында болған жағдай туралы пікір білдіріп, әкесінің қылығы үшін көпшіліктен кешірім сұраған.

Тағы оқыңыздар:

Дос Көшім мектептерге үштілділікті енгізуді орыс тілін сақтап қалу технологиясы деп атады

Белгілі саясаттанушы тоғызыншы рет ауысқан үкіметтің өзгеріс әкелетініне сенбейді

Тони Блэр Қазақстан үкіметіне кеңесші болудан бас тартты

Әдепсіздік танытып, дөрекі сөйлеген депутаттар парламанттен қуылатын болды

7-сыныптың оқулығында жүрген Сабина Алтынбекова желі қолданушысын таңырқатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1258884-biznes-ledi-aynur-nurseyitovanynh-ake.html