RU

«Кәріқыз» қазақстандықтардың не себепті күйеуге шыға алмай жүргенін айтып берді

"Кәріқыз" болып жүргеніңмен бүгінде ешкімді таң қалдыра алмайсың. Оқу мен мансап қуған арулардың дені кімге күйеуге шығарын білмей дал. Осы орайда "Кәріқыз" атанған әйелдер қазақстандықтардың не себепті күйеуге шыға алмай жүргенін NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

38 жастағы Назерке алдымен оқу қуып, кейін жеке өмірін реттемек болады. Ол көптеген жігіттерді өзіне өмірлік жар ретінде лайық көрмей, біраз жылын жоғалтып алған. Ал сол арада талай құрдасы күйеуге шығып, бақытты ана атанып үлгереді. Ал бойжеткен болса, күн санап жігіттерге деген талаптарының өсіп жатқанын байқаған.

Сенің үйіңе көшіп барайын

"Бір жігітпен кездесіп жүрдім. Бір күні ол маған сенің үйіңе көшіп барайын деді. Өз пәтерімде жалғыз тұратынмын. Одан көшіп келгесін не істейсің десем, үй шаруаларын дөңгелетіп отырамын дегенге келтірді. Ол жұмыссыз еді. Ал мен үйге қарап отыратын қызметкерді асырай алатындай жағдайда емес едім", - деп мұңын шақты ару.

Өзге жас жігіт болса, жігіттерге талабы аз, кез-келгеніне тұрмысқа шығуға әзір "кәріқыз" іздеп жүргенін Назеркеге ашық айта салады. Бұл сөздер Назеркеге жақпай қалған.

35 жастағы Зарина да жеке өмірін шетке ысыра тұрып, оқу қуалағандардың бірі. Ол жігіт атаулыдан әбден көңілі қалғанын жасырмайды.

Тіпті туған күніме бір гүл әкеліп бермеді

"Кезінде танымал болған "агент" қосымшасы арқылы бір жігітпен таныстым. Үш жыл кездесіп жүрдік. Ол басым бос дегесін, ғашық болған едім. Алайда көп ұзамай әйелі барын, онымен ажырасып жатқанын білдім. Мен оны сабырмен үш жыл күттім. Ол болса, мені орынсыз қызғанып жанжал шығарып отыратын. Ақыры әйелімен татуласып, оны екінші рет жүкті етті. Ал маған одан бас тартудан басқа амал болмады", - деп түсіндірді Зарина.

Әйел жігітінің, тіпті туған күніне бір гүл әкеліп бере алмағанына өкпелі екенін жасырмады. Өмірі қаражаттан қысылып жүрмін деп сылтаурататын жігітімен айырылысқаннан кейін ол өзіне өмірлік жар таба алмаған.

36 жастағы Екатерина болса, өмірінде әлі де армандағы сүйіктісін жолықтыра алатынына сенімді. Әйел қала орталығынан пәтер сатып алып, өз күшімен көлікке де қол жеткізген. Ал бүгінде болашағы зор ер адаммен өмірін байланыстыруға әзір екенін алға тартты. Дегенмен ондай жігіттерді жолықтыру оңайға соқпайтынын мойындап отыр.

Өз қажетіне пайдаланды

"Менде көлік бар, алайда жігітімде жоқ. Ол кей кездері керек жеріне жеткізіп салуымды сұрап жатады. Маған қиын емес. Бірақ көп ұзамай оның менімен тек бір жаққа жеткізіп салуым үшін кездесіп жүргенін сезе бастадым. Өз қажетіне пайдаланды", - деп күйінеді ол.

Әйел ондай жігіттерді мойныңа мінгізгеннен гөрі жалғыз жүрген әлдеқайда артық деп санайды.

Тағы оқыңыздар:

Дос Көшім мектептерге үштілділікті енгізуді орыс тілін сақтап қалу технологиясы деп атады

Белгілі саясаттанушы тоғызыншы рет ауысқан үкіметтің өзгеріс әкелетініне сенбейді

Тони Блэр Қазақстан үкіметіне кеңесші болудан бас тартты

Әдепсіздік танытып, дөрекі сөйлеген депутаттар парламанттен қуылатын болды

7-сыныптың оқулығында жүрген Сабина Алтынбекова желі қолданушысын таңырқатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1258912-kariqyz-qazaqstandyqtardynh-ne-seb.html