RU

Ақтөбе облысында "Дипломмен ауылға" барған бойжеткенді зорлап тастады

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында 19 қыркүйек күні "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен жұмысқа тұрған бойжеткен аяусыз зорланды. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Диапазонға» сілтеме жасап хабарлайды.

25 жастағы дәрігердің аталмыш өңірде "Дипоммен ауылға" бағдарламасымен жұмысқа тұрғанына төрт ай ғана болған.

"Бойжеткен ата-анасыз өскен, жеті айлық баласы бар. Азғындар оның сау тамтығын қалдырмаған. Оның қандай жарақаттар алғанын айтудың өзі ауыр. Зорлаған, соққыға жыққан, тіпті тісіне дейін сындырып жіберген", - деп күйінді дәрігерлер.

Ақ халаттылар бойжеткеннің баласын жалғыз тәрбиелеп отырғанын, ауылға жалақы көбірек берілетіндіктен, қуана жұмысқа тұрғанын айтуда. Баласына тәрбиеші жалдап, тыныш ауылда тұрғындарды емдеуге келген ол бүгінде ауыр халде емханада жатыр.

"Бұл қалай болғанын түсіне алар емеспін. Күдікті көршісі екенін ғана естідік. 19 қыркүйек күні емханаға түскен бойжеткеннің жағдайы ауыр. Емізулі баласын бірден туысқандары алып кетті", - дейді Әйтеке би аудандық емханасының бас дәрігері Ләззат Қабиева.

Ауылдық округтың әкімдігі бойжеткеннің жан айқайын көшеде жүрген өзге көршісі естіп қалғанын мәлімдеді. Түнгі сағат бір-екілерде болған бұл жайттан кейін ер адам бірден жедел жәрдем мен полицейлерді шақыртқан. Күдікті таңертең құрықталды. Ол ұйқысынан оянғасын түк болмағандай жұмысына барған. 47 жастағы ер адамның бес баласы бар отбасылы азамат екені белгілі болды.

"Жұмысбасты, тыныш адам еді. Бұған қалайша барғанын түсіне алар емеспіз", - дейді әкімдіктегілер.

Тағы оқыңыздар:

Дос Көшім мектептерге үштілділікті енгізуді орыс тілін сақтап қалу технологиясы деп атады

Белгілі саясаттанушы тоғызыншы рет ауысқан үкіметтің өзгеріс әкелетініне сенбейді

Тони Блэр Қазақстан үкіметіне кеңесші болудан бас тартты

Әдепсіздік танытып, дөрекі сөйлеген депутаттар парламанттен қуылатын болды

7-сыныптың оқулығында жүрген Сабина Алтынбекова желі қолданушысын таңырқатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259089-aqtobe-oblysynda-diplommen-auylgha-zhu.html