RU

ШҚО-да сүйіктісінің туған күніне кеткен бойжеткен табылмай жатыр

Зыряновскіде жоғалып кеткен 17 жасар Ксения Сидоринаның іздестіріліп жатқанына 6 күн болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызметкерлері, қыздың туыстары мен еріктілер қаладағы күдік тудыратын барлық орындарды аралап шықты. Әзірге іздестіру жұмыстары ешқандай нәтиже бермей отыр.

Бүгін іздестіру жұмыстарына қатысып жатқан азаматтардың бірі - Әсел атты қыз қаладағы жертөлелер мен өзге де күдікті орындарды тағы бір айналып шыққалы жатқандықтарын айтты. Еріктілер болса қызды көрші қалалар мен ауылдардан іздестіруге көшті.

Алдын ала мәлім болғанындай, қыркүйектің 17-і күні таң ата Ксения Сидорина туған күнімен құтықтау үшін өзінің жігітінің үйіне кеткен. Алайда, ол қажетті жерге жетпей, жол-жөнекей жоғалып кеткен.

Тағы оқыңыздар:

Тайжан мешіттерде уағызды орыс тілінде жүргізуді ұсынған су жаңа министрді сынап тастады

Депутат: Шымкенттегі кішкентай мекеме бүкіл елге төңкеріс жасағысы келсе, үлкендері не істемейді?!

Ақтөбе облысында "Дипломмен ауылға" барған бойжеткенді зорлап тастады

Қазақстанда тағы бір алты жастағы қыз бала аяусыз зорланды

«Кәріқыз» қазақстандықтардың не себепті күйеуге шыға алмай жүргенін айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259281-shqo-da-suyiktisininh-tughan-kunine-keti.html