RU

Әлімханұлының алғашқы қарсыласы Головкиннен жеңіліп қалған боксшы болмақ

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Геннадий Головкиннің 2010 жылғы қарсыласы 28 жастағы колумбиялық Милтон Нуньеске қарсы өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Колумбиялық боксшы бүгінге дейін кәсіпқой бокста 50 кездесу өткізіп, 33-інде жеңген (29 КО), ал 16-сында жеңілген және бір қарсыласымен тең түскен. Естеріңізде болса, Нуньес 2010 жылы отандасымыз Головкиннен алғашқы раундта нокаутпен жеңілген болатын.

29 қазан күні Алматыда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам мен ганалық боксшы Патрик Аллотей күш сынасады. Бұдан бөлек, Жанқош Тұраров осы кеште кәсіпқой карьерасындағы 20-кездесуін өткізеді.

Тағы оқыңыздар:

Тайжан мешіттерде уағызды орыс тілінде жүргізуді ұсынған су жаңа министрді сынап тастады

Депутат: Шымкенттегі кішкентай мекеме бүкіл елге төңкеріс жасағысы келсе, үлкендері не істемейді?!

Ақтөбе облысында "Дипломмен ауылға" барған бойжеткенді зорлап тастады

Қазақстанда тағы бір алты жастағы қыз бала аяусыз зорланды

«Кәріқыз» қазақстандықтардың не себепті күйеуге шыға алмай жүргенін айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259332-alimkhanuly-kasipqoy-bokstaghy-alghashq.html