RU

Қазақстанның мұсылмандар одағы Атамбаевқа тезірек сауығып кетудің сырын айтты

Қазақстан мұсылмандар одағы мен Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі мұсылмандық комитет Қырғызстан республикасының президенті Атамбаевқа хат жолдап, тез сауығып кетуін тіледі.

«Күтпеген сырқат туралы хабар бізді мұңайтты. Сіздің жазылуыңызды тілейміз» - делінген Қазақстан мұсылмандар одағы мен Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі мұсылмандық комитеттің жолдауында (хатында).

Сонымен қатар, қазақстандық мұсылмандар қырғыз президентінің 60 жылдығын дүркіретіп тойламау жөніндегі кеңеске құлақ аспағанына өкініш білдірді. Олар лидердің қазіргі сырқаты Алланың жазасы екеніне сенімді.

"Құдай алдындағы кінәңді өтеу үшін туған ауылыңда қайырымдылық асын беріп, қорғансыз азаматтарға қолдау көрсет. Бұл Құдайдың қайырымдылығын қайтарып, шипасын береді", - деген кеңес берді өздерінің хатында Қазақстан мұсылмандар одағының басшысы Телібеков.

Тағы оқыңыздар:

Тайжан мешіттерде уағызды орыс тілінде жүргізуді ұсынған су жаңа министрді сынап тастады

Депутат: Шымкенттегі кішкентай мекеме бүкіл елге төңкеріс жасағысы келсе, үлкендері не істемейді?!

Ақтөбе облысында "Дипломмен ауылға" барған бойжеткенді зорлап тастады

Қазақстанда тағы бір алты жастағы қыз бала аяусыз зорланды

«Кәріқыз» қазақстандықтардың не себепті күйеуге шыға алмай жүргенін айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259392-qazaqstannynh-musylmandar-odaghy-atam.html