RU

Сапарбаевтың алдында депутаттың қан қысымы көтеріліп кетті

Жапонияда жасалған тонометр 59 жастағы облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлованың қан қысымы өте жоғары екенін көрсетті.

Бұл туралы Керек-инфо жазады.

Медициналық форум барысында өңір басшысы Бердібек Сапарбаевқа медицина саласының озық технологиялары таныстырылды. Соның ішінде Жапонияда жасалған қан қысымын өлшейтін тонометр көпшілікке ұсынылды.

"Емханаға барам деп жүр едім", - деп Сәния Мұсақызы өз қан қысымын өлшетуге қарсылық білдірмеді.

Нәтижесінде хатшының қан қысымы 166/93 және аритмия жоқ деп тонометр анықтап берді.

"Ооо, бұл өте жоғары қан қысымы", - деп облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таңғалды.

"Негізінде менің қан қысымым – 110/80. Яғни маған дәрі ішу керек шығар", - деді Сәния Мұсақызы.

Айта кетейік, хатшы өлшеген тонометр Қазақстанның бір де бір емханасында әлі жоқ. Оның өлшеу дәлме-дәлдігі 100 пайызды құрайды. Сондай-ақ, ол аритмияны (жүрек соғысының артуы немесе бәсеңдеуімен сипатталатын жүрек қан-тамыр ауруын) анықтайды.

Тағы оқыңыздар:

Тайжан мешіттерде уағызды орыс тілінде жүргізуді ұсынған су жаңа министрді сынап тастады

Депутат: Шымкенттегі кішкентай мекеме бүкіл елге төңкеріс жасағысы келсе, үлкендері не істемейді?!

Ақтөбе облысында "Дипломмен ауылға" барған бойжеткенді зорлап тастады

Қазақстанда тағы бір алты жастағы қыз бала аяусыз зорланды

«Кәріқыз» қазақстандықтардың не себепті күйеуге шыға алмай жүргенін айтып берді

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1259479-qan-qysymy-koterilip-ketken-deputat-s.html